13.09.2026, 23:30

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

Фото: zh-shugylasy.kz

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 24 және 25 қазан демалыс күні болады.

Қазақстандықтар қазан айында Республика күніне орай қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететіндер 24, 25 және 26 қазанда — сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері жұмыстан босатылады.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 24 және 25 қазан демалыс күні болады.

Осылайша қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні қарастырылған. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндерінің саны — 6.

Республика күні соңғы жылдары қазақстандықтарға бірнеше күн қатарынан демалуға мүмкіндік беріп келеді. Мәселен, 2024 жылы мереке жұмаға түсіп, халық үш күн қатарынан демалған. Ал 2023 жылы Республика күні сәрсенбіге сәйкес келіп, жұмыс аптасының ортасында бір күндік демалыс болған.

Ал қыркүйек айында Қазақстанда ресми мереке болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасындағылар 8 күн, алты күндік жұмыс аптасындағылар 4 күн демалды.

Тегтер: қазан демалыс