14.09.2026, 15:00

Атырау әкімі Шәкір Кейкин өз еркімен қызметінен кетті

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Мұны Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қызметінен кетті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мұны Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Ресми мәліметке сүйенсек, Шәкір Кейкин лауазымын өз еркімен босатқан.Оның өтінішін аймақ басшысы қанағаттандырды.

Шенеунік шахар басшысы қызметіне 2023 жылдың 10 шілдесінде кіріскен еді. 

Шәкір Кейкин түрлі мемлекеттік мекемеде басшылық лауазымда жұмыс істеді.

2023 жылдың наурызынан бастап қала әкімі қызметіне кіріспеске дейін  Сауда және интеграция министрлігінде Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.

 

Тегтер: Атырау Әкім