Тұрғынның айтуынша, білім ордасы ауылдан жырақ, инфрақұрылымы толық тартылмаған аумаққа салынған.
Атырау облысындағы Шағын ауылында жаңа мектепке қатынайтын балалардың мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғынның айтуынша, білім ордасы ауылдан жырақ, инфрақұрылымы толық тартылмаған аумаққа салынған. Енді оқушыларды тасымалдау қажет болғанда, жауаптылар «жол толық бітпей, автобус қоса алмаймыз» деген уәж айтқан.
Ата-аналар мектепті салмас бұрын балалардың оған қалай қатынайтыны неге ескерілмегенін сұрап отыр. Сондай-ақ ауылдан ауданға шығатын қоғамдық көлік мәселесі де шешілмегені айтылады.
Тұрғындар жауапты органдардан балалардың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етіп, жол мен көлік мәселесін шешуді талап етті.