15.09.2026, 16:25

Тоқаевты Корея Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.