17.09.2026, 13:00

Халық кеңесін құруға қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Құрылтайдың қарауына 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің жобасы түсті.

Қаржы министрлігі Халық кеңесінің қызметіне бөлінетін қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрылтайдың қарауына 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің жобасы түсті. Бүгін қаржы министрлігі оны депутаттарға таныстырды. Халық кеңесіне бір жылда бөлінетін қаржының көлемі де жарияланды.

"Бізде қосымша жаңа бюджеттік бағдарлама әкімшісі пайда болды, яғни, Халық кеңесі. Осы Қазақстан Халық кеңесінің қызметіне 1,7 млрд теңге қарастырып отырмыз", - деді қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы.