Жұмыс Алатау ауданындағы Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан учаскесінде жүргізіліп жатыр.
Алматыда жеңіл рельсті көлік желісінің алғашқы рельстерін төсеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жұмыс Алатау ауданындағы Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан учаскесінде жүргізіліп жатыр.
Құрылыс барысы түсірілген кадрларды мердігер Integra Construction KZ компаниясы жариялады. ЛРТ желісінің негізгі құрылыс кезеңдерін 2027 жылғы сәуірден 2029 жылғы сәуірге дейін жүргізу жоспарланған.
Жоба бойынша желі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта салынатын деподан басталып, Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі арқылы Алматы-2 теміржол вокзалына дейін барады. Соңғы аялдама «Райымбек батыр» көлік-аялдау торабы аумағында орналасады.
Алдын ала жобалық шешімге сәйкес, 25 құрам сатып алу жоспарланған. Әр пойыз бес секциядан тұрады. ЛРТ-ның есептік максималды жылдамдығы сағатына 65-70 шақырым болады.