19.09.2026, 12:30

«Азған заманның адамдары»: Қариялар мен қыздардың тойдағы арсыз билері елді шулатты (ВИДЕО)

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Шынында да не боп барамыз?

Әлеуметтік желіде жас қыздар мен қариялардың тойда билеген видеосы сынға ұшырады. Тойдағы арсыз билерді көрген жұрт, адамдардың ұятсыздығынан шошып жатыр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Тойдағы үзінділердің видеосы Threads желісінде жарияланды.

«Шынында да не боп барамыз? Осындай тойлар көп. Бұларды барлық желіге салып, тіпті ТВ-дан көптеп көрсетсе қайтеді? Мүмкін өздерін көріп, ұялып, азаятын шығар», – деп жазды жазба авторы.

Ал желі қолданушылары видеолар жиынтығына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Алла сақтасын… Той басқаратындарға белгілі мөлшерде талап қою керек қой. Осы кезде жыртыңдаған той басқарушы көп», «Ұят жағдай екенін білмей ме өздері? Сыртынан карап тұрсаң ұяласың», «Дұрыс айтып отыр, бұл не болып кетті, үлкенде, де жаста да ұят жоқ, азған заман болды ғой», – деп жазды желі қолданушылары.