Адамдар зардап шеккен жоқ.
19 қыркүйек Астана–Қарағанды тасжолының 188-шақырымында, Теміртау маңында шошқа тиеген Scania жүк көлігі аударылып қалды,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Көлікте Көкшетаудан Ташкентке бара жатқан 193 шошқа болған. Жол апатынан кейін жануарлар көліктен шығып, далаға шашылып кеткен.
Адамдар зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.