$ 448.44  514.81  5.33

«Түзетіңіз, болмаса бұл шаруамен басқалар айналысады»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысына қатаң ескерту жасады

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың жұмысын сынға алды. Үкімет басшысы баяндамада жол саласындағы бірқатар өзекті мәселе айтылмай қалғанын атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Баяндама жақсы. Алайда шешімін таппай жатқан мәселе әлі де көп. Оларды айтпай айналып өттіңіз», – деді Бектенов. Премьер-министр жол сапасын көтеріп, қалыптасқан жағдайды түзетуді талап етті. «Жұмыс істеңіздер. Болмаса, бұл жұмыспен басқа адамдар айналысады», – деп ескертті Үкімет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы қала ішіндегі және елді мекендерден тыс жолдардың сапасына ерекше назар аударуды тапсырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0