$ 448.44  514.81  5.33

Елімізде келесі жылы жүргізушісіз такси іске қосылады

Қазір Алматы қаласында жүргізушісіз көлік тест режимінде сынақтан өтіп жатыр.

Фото: aiqyn.kz
Фото: aiqyn.kz

Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі келесі жылы іске қосылуы мүмкін. Бұл мәселе Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір Алматы қаласында жүргізушісіз көлік тест режимінде сынақтан өтіп жатыр. Yandex Qazaqstan бас директоры Тимур Шалекеновтің айтуынша, көлік әзірге қала туралы ақпарат жинап, оның цифрлық картасын жасауға қолданылып жатыр.

Оның сөзінше, жүргізушісіз көлік коммерциялық жолаушы тасымалына шығуы үшін алдымен сынақ барысында бірнеше мың шақырым жол жүруі қажет.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда жүргізушісіз көліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін заңнамалық база әзірленіп жатқанын айтты.

Министрдің мәліметінше, автономды көліктерді сынақтан өткізуге арналған пилоттық жоба Алматы, Астана және Қосшы қалаларында жүзеге асырылып жатыр.

Жүргізушісіз такси жолдағы жағдайды арнайы сенсорлар мен жасанды интеллект көмегімен талдап, адамның тікелей басқаруынсыз қозғала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Такси