Бұл еліміздің конституциясы күніне арналған шараның бірі. Отандық көркем фильмдердің қайырымдылық көрсетілімін Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы мен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Көрсетілім тамыздың 29-ы мен 30-ы аралығында өтеді. Ал негізгі шара Абай алаңында өтеді.
— Негізгі шара Абай алаңында өтіп жатқан кезде, қаламыздың барлық аудандарында мерекелік думан басталады. Конституция күніне орай, Санкт-Петербургтен арнай оркестр келіп, өз өнерлерін ортаға салмақшы. Сондай-ақ, 29-ші тамыз күні ғылыми-тәжиірбелік конференция өтеді, — деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Қайрат КҮЛБАЕВ.
Мереке күніне орай, отандастарымыз 30-ы, 31-ші тамыз және 1 қыркүйек күні демалады. Айта кетейік, мемлекеттік мейрам осымен 19-ші рет өткелі отыр.