29.10.2026, 12:40

Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды

Фото: ЖИ

Қазіргі уақытта полиция апаттың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. 

Ақмола облысында жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кеткен. Апат салдарынан жарақат алған екінші жұмысшы да көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақмола облыстық полиция департаменті қайғылы оқиғаны 28 қазанда растады. Ведомствоның мәліметінше, жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген екінші жұмысшы да қайтыс болған.

Осыған байланысты қылмыстық істің саралануы өзгеруі мүмкін. Сараптама нәтижелері дайын болғаннан кейін іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қарастырылуы ықтимал. Бұл бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайларға қатысты қолданылады.

Қазіргі уақытта полиция апаттың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.