29.10.2026, 20:30

«Әкем қайтқан соң әжем бізді үйден қуды»: Павлодарлық қыз жанайқайын жеткізді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Жасөспірімнің айтуынша, әкесі 12 қыркүйекте жазатайым оқиға салдарынан суға батып көз жұмған.

Павлодарда Ясмина есімді жасөспірім әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы екеуі қиын жағдайға тап болғанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Қыздың сөзінше, әкесін жерлегеннен кейін туған әжесі оларды үйге кіргізбей қойған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жасөспірімнің айтуынша, әкесі 12 қыркүйекте жазатайым оқиға салдарынан суға батып көз жұмған. Жақынынан айырылған отбасы қайғыдан ес жия алмай жүргенде, тағы бір қиындыққа тап болған.

Ясминаның сөзінше, әкесін жерлегеннен кейін туыстары анасы екеуі үйде жоқ кезде есіктің құлыптарын ауыстырып тастаған. Содан бері олар баспанаға кіре алмай жүргенін айтады.

«Әкемді соңғы сапарға шығарып салғаннан кейін ең қорқынышты күндер басталды. Мен өзімді қауіпсіз сезіне алмаймын. Үйде жоқ кезімізді пайдаланып, құлыптарды ауыстырып тастаған. Әкемнің анасы бізді қуып шықты», – дейді қыз.

Жасөспірім марқұм әкесінің жеке заттарын да ала алмай отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, әкесіне тиесілі бағалы сағаттар болғанымен, оларды туыстары қайтармаған. Сондай-ақ қыз анасы екеуін бір жарым ай бойы үйге кіргізбегенін мәлімдеді.

Ясминаның айтуынша, әкесі оның жалғыз қызы болған, басқа баласы жоқ. Сондықтан әкесінен айырылғаннан кейін туыстарының мұндай қарым-қатынас көрсетуі оған ауыр тиіп отыр.

«Неге біз көшеде қаңғып жүруіміз керек? Анам әлі күнге дейін әкемді жоқтап, жылап жүр. Ал оның туыстары мені адам құрлы санамай отыр», – дейді жасөспірім.

Қазіргі уақытта үйдің заңды иесі кім екені, мұрагерлік құжаттардың рәсімделгені және тараптар арасындағы даудың нақты мән-жайы туралы ақпарат жоқ. Марқұмның туыстары да әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеген.

Осыған байланысты жасөспірімнің айтқан мәліметтері әзірге тәуелсіз дереккөздер арқылы расталмаған.