29.10.2026, 17:00

Ақмола облысында ер адам қызғаныштан сүйіктісін аяусыз ұрып өлтірген

Фото: Pixabay

Жәбірленуші есінен тана бастаған кезде, ер адам жедел жәрдем шақырған. Оны ауруханаға жеткізгенімен, әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ақмола облысының соты Щучинск қаласының тұрғынын қызды ұрып-соғып, оның өліміне себеп болғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Іс материалдарына сәйкес, ер адам мен жәбірленуші 2024 жылдан бері бірге жұмыс істеген әрі жақын араласқан. Тіпті, қызғаныштан бірнеше рет жанжал болған. Арадағы қарым-қатынасты анықтау үшін ер адамның пәтерінде кездесіп, ішімдік ішіп, арадау дау шыққан. Салдарына ер адам қызды соққыға шыққан.

Жәбірленушінің есінен танып қалған. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлімге бауырдың жыртылуына ішіне қан кетіп, геморрагиялық шок алған. Сондай-ақ марқұмның іш және кеуде тұсынан жарақаттар, қабырғасының сынуы, соғылу іздері және басқа да дене зақымдары анықталған.

Жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Сотталған азаматтан моральдық зиянды өтеу үшін 12 миллион теңге, сондай-ақ материалдық шығын мен өкілдің қызметіне ақы төлеу шығыны ретінде 2 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылды.