30.10.2026, 23:30

Таразда есігі жоқ Volkswagen көлігін айдаған жүргізуші полицияға ұсталды (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеді. 

Таразда алдыңғы сол жақ есігі жоқ Volkswagen көлігін тізгіндеген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеді. 

Полицияның мәліметінше, патрульдік қызметкерлердің назарына Төле би даңғылымен есігі жоқ көлікпен келе жатқан жүргізуші іліккен.

Белгілі болғандай, автокөлік ұзақ уақыт бойы бір орында тұрған. Жүргізуші оны жөндеу орнына жеткізу үшін эвакуатор шақырмай, өздігінен айдап баруды ұйғарған.

«Алайда есігі жоқ автокөлікпен жүру – сәттілікке сенетін жағдай емес. Көліктің мұндай техникалық жағдайы жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіруі мүмкін», – делінген полиция хабарламасында.

Осылайша, жүргізушінің қала ішіндегі сапары тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.