04.11.2026, 11:50

Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгеге салынатын жол жобаларын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр

Фото: Егемен Қазақстан

Жобаларға 470 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев еліміздегі ірі жол құрылысы жобаларының барысымен танысып, мердігер компанияларға жұмысты жеделдетуді тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 480 шақырымды құрайтын жол учаскелерінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жобаларға 470 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы мен Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, ол еліміздің 20 өңірін аралап, жол құрылысының сапасы мен орындалу барысын тексерген. Сонымен қатар, өзге де салалардағы өзекті мәселелерге назар аударылған.

Вице-премьердің мәліметінше, аталған жол жобаларын бастапқыда үш жыл ішінде аяқтау жоспарланған. Алайда қазір мердігер компанияларға құрылысты мерзімінен бұрын бітіру міндеті қойылған.

«Мүмкіндік болса, жұмыстарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз. Олай болмаған жағдайда, 2028 жылдың басында толық аяқтауға күш саламыз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.