04.11.2026, 16:40

«Даудың соңы көрінетін емес»: Бишімбаевтың анасы экс-келінін тағы да сотқа берді

Фото: видеодан скрин

Назым Қаһарманның айтуынша, бұл – оған қарсы берілген бесінші талап арыз.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарманға қатысты тағы бір сот дауы туындады. Бұл жолы оған 22 миллион теңге өндіру туралы талап арыз түскен. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Назым Қаһарманның айтуынша, бұл – оған қарсы берілген бесінші талап арыз. Ол сот дауларының аяқталмай жатқанын айтып, жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Сонымен, біз Early Action, Early Decision бағдарламаларына дайындалып жатқанда, бесінші талап арыз келіп түсті. Бұл жолы 22 миллион теңгеге. Қысқасы, осы даудың соңы көрінетін емес», – деп жазды ол.

Оның сөзінше, жаңа талап Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінде орналасқан коммерциялық нысанға қатысты. Назым Қаһарман некеде болған кезінде аталған нысанды сенімгерлік басқару шартымен жүргізген. Алайда ажырасқаннан кейін оны басқару құқығы бұрынғы жұбайы Бақытжан Байжановқа берілген.

Кейін әйел бұл нысанды басқару құқығын қайтадан он ай мерзімге алғанын айтады.

Назым Қаһарманның түсіндіруінше, коммерциялық нысаннан түскен табыс балалардың қажеттілігіне, соның ішінде мектеп ақысына, денсаулығына, демалысына, дәрігерлер мен репетиторлардың қызметіне жұмсалған. Сондай-ақ бұл қаражат алимент есебінен өзара есепке жатқызылған.

Ол барлық шығынның құжат жүзінде тіркелгенін және екінші тараптың бұған дейін мұндай есеп айырысу тәртібінен хабардар болғанын жеткізді. Алайда екі-үш жылдан кейін бұрынғы күйеуінің туыстары бұл мәселеге қатысты көзқарасын өзгертіп, сотқа жүгінген.

Қазір Назым Қаһарман алимент өндіру бойынша жеке талап арыз әзірлеп жатыр. Ол балаларға жұмсалған қаражатты дәлелдеу үшін барлық түбіртек пен қажетті құжаттарды жинауға кіріскен. Әйелдің айтуынша, қарсы талап арыздағы сома бұған дейін алимент есебіне жатқызылған қаражаттан да көп болуы мүмкін.

Сонымен қатар ол жаңа іс бойынша екі сот отырысы өтіп қойғанын хабарлады. Келесі отырыс 11 қарашаға жоспарланған. Ал талап арызды нақты кім бергенін Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі жазбасының екінші бөлімінде жариялайтынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова бұрынғы келініне қарсы коммерциялық нысанға қатысты талап арыз түсіргені белгілі болған. Алғашында талап сомасы шамамен 25 миллион теңге болған. Кейін сот NazKa ЖК-нен 6,7 миллион теңге берешек пен сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім қабылдап, қалған талаптарды