Ақ-қара түсті суретте қолбасшы бас киіммен, камераға қырынан қарап тұрған сәтінде бейнеленген.
Әлеуметтік желіде қазақтың даңқты батыры, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының бұрын еш жерде жарияланбаған сирек фотосы пайда болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақ-қара түсті суретте қолбасшы бас киіммен, камераға қырынан қарап тұрған сәтінде бейнеленген.
Фотосурет батырдың өмірі мен мұрасын насихаттауға арналған Instagram парақшасында жарияланды. Жазба авторлары сирек суретті тауып, ұсынған Бекжан Бектенбайға алғыс білдірген.
Әзірге фотосуреттің нақты қай жылы, қай жерде және қандай жағдайда түсірілгені белгісіз. Сондай-ақ оның түпнұсқалығы мен тарихына қатысты қосымша мәлімет жарияланбаған.
Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы 1910 жылы дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иван Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамында Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлігімен танылды.
Соғыстан кейін жазушылықпен айналысып, қазақ әдебиетіне «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва» сынды шығармаларын қалдырды.