Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Жетісу облысының Текелі қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 жастағы оқушы қыз қаза тапты. Ол жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан кезде экскаватор астына түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаға қатысы бар Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің бақылауында», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция өкілдері жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда барынша сақ болуға және бағдаршам талаптарын қатаң сақтауға шақырды.