$ 494.87  520.65  4.91

«Мой Мир» әлеуметтік желісі қазақ тіліне аударылды

«Мой Мир» әлеуметтік желісінің ұжымдық тобы өзінің үш мииллион белсенді қатысушыларына арнайы интерфейсті қазақ тіліне аударды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

— Қазақстандық қолданушылар енді мой мир әлеуметтік желісін өздерінің туған тілдерінде жүргізе алады. Қазақ тіліне көшу үшін үстіндегі тілдік пернеге басу жеткілікті, — дейді InsightMedia-ның PR-менеджері Ольга Настюкова.

«Қазіргі таңда, негізгі әрі қосалқы мәзір қазақ тіліне аударылып болды. 3500 сөз бен 27500 белгілер мен әлеуметтік желінің атауы да «Менің Әлемім» деп аударылды. Android-ке де арналған қазақ тілді нұсқасы жарық көрді. Болашақта басқа да ұялы телефондарға арнап қазақ тілді нұсқаларды шығару ойымызда бар», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Мой Мир» — Қазақстандағы ең танымал әрі ең көп қолданылатын әлеуметтік желінің бір түрі. Аудитория саны республика бойынша 3 млн адамды құрайды. Қазақстандық қолданушылардың артықшылығы — олардың белсенділігінде. Олар жалпы «дос қосу» функциясынан 25 пайызын, желіге жүктелетін фотограйфиялардың 29 пайызын құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары