$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда мүгедектерге арналған инватакси қызметіне 90 млн. теңге бөлінеді

Елімізде мүгедектерді такси қызметімен қамтамасыз ету үшін жылына шамамен 90 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.

— Қазіргі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бізде барлық өңірлерге шамамен 90 млн. теңге бөлінеді. Әртүрлі өңірлерге берілетін сома теңгерімделген. Бұл қаржы инватакси қызметін дамытуға бағытталады, — деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде республика аумағында 110 инватакси мүгедек азаматтарға тасымал қызметін көрсетуде. Олар жылына орташа есеппен 192 мың тапсырыс орындайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары