$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Академик Оразақ Смағұлұлының жаназа намазы қайда оқылатыны белгілі болды

Ғалым ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі антропологиялық деректерді зерттеп, ұлттың биологиялық сабақтастығын әлемдік деңгейде мойындатты.

Фото: Адырна
Фото: Адырна

Көрнекті ғалым, отандық антропология мектебінің негізін қалаушы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлұлының жаназа намазы 2026 жылғы 25 қарашада сағат 10:00-де Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16 мекенжайында орналасқан Орталық мешітте өтеді. Бұл туралы марқұмның отбасы хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Оразақ Смағұлұлы – отандық ғылымда тұңғыш рет популяциялық антропология бағытын қалыптастырып, Ұлттық музей жанынан арнайы ғылыми зертхана ашқан бірегей тұлға.

Ол ежелгі қола дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі палеоантропологиялық деректер мен қан топтарын кешенді түрде салыстыра зерттеп, ұлттың шығу тегі мен биологиялық сабақтастығын әлемдік деңгейде мойындатты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0