$ 458.28 € 501.45 ₽ 5.59

Ақмола облысында ер адам өз әйелін көлікпен қағып өлтірді

Фото: politico.kz
Фото: politico.kz

Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйінде көлік тізгіндеген ер адам әйелін қағып кетті. Алған ауыр жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның күйеуі алкогольдік масаң күйде «ВАЗ-2114» автокөлігін тізгіндеп келе жатып, әйелді қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші көз жұмды»,  – деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Аршалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. 

Ерлі-зайыптылардың жасы, қайғылы оқиғаның нақты күні мен мән-жайы, қай жерде болғаны және әйелдің көлік алдына қалай шығып қалғаны әзірге жария етілген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0