$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

Балалар батпақ кешіп мектепке барады: Жезқазғанда екі жылдан бері жол жөнделмеген

Тұрғындардың айтуынша, 2024 жылдың жазында жаңа құбыр тарту кезінде бұзылған асфальт әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында тұрғындар Желтоқсан көшесіндегі №9 үй маңындағы жолдың жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тұрғындардың айтуынша, 2024 жылдың жазында жаңа құбыр тарту кезінде бұзылған асфальт әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген.

Әкімдік жолды жөндеу жұмыстары 2026 жылдың бюджетінде қарастырылғанын хабарлағанымен, жыл аяқталуға жақын қалғанда да мәселе шешілмеген.

Аталған жолмен №26 гимназияның оқушылары күн сайын қатынайды, ал құдық орнында пайда болған шұңқыр көліктердің қозғалысын қиындатып отыр.

Бұған қоса, «Қазпошта» бөлімшесінің маңында қоқыс жиналып, ағаш бұтақтары жаяу жүргіншілерге кедергі келтірсе, ғимараттың шатырынан кірпіш сынықтары құлайтыны айтылған.

Қала әкімдігі екі жылдан бері бір көшенің жолын жөндеп, айналасын ретке келтіре алмаса, тұрғындар тағы қанша уақыт күтуі керек?

Видео: @podovinnikova_ya

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#жол мәселесі