Ақтөбеде кондуктор әйелді соққыға жыққан 28 жастағы ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, сотта кондукторды соққыға жыққан ер адам өз кінәсін мойындады.
Еске сала кетсек, бұл оқиға маусымның 16-сы күні қалалық автобуста орын алды. Жолаушы аялдамалардың бірінен түсіріп бара жатып, кондуктордан емханаға барар жолды сұрады. Оны байқап отырған Нұрдәулет Жапақов жолаушының не туралы айтқанын сұрағанда, кондуктор: «Саған ол неменеге керек? Отырсың ба? Отыр», деп жауап қайтарған болатын.
Жапақовтың айтуынша, кондуктордың бұл сөзі оның намасына тиді. Ол кондукторға қарсы сөз айтқанда жанжал басталды. Кондуктор одан автобус салонынан шығып кетуді талап етті. Жапақов болса, оған жұдырық ала жөнелді. Әйелді соққыға жығып жатқан кезде көлік жүргізушісі араша түсіп, Жапақовты далаға алып шықты. Бұл оқығаны жолаушылардың біреуі ұялы телефонға түсіріп, ғаламторға салып жіберді.