$ 494.87  520.65  4.91

Бензин бағасы сұйық отыннның тапшылығын шешпейдi — сарапшы

Бензин бағасын 128 теңгеге дейін көтеру ресейлік сұйық отынның жетiспеушiлiгi мәселесiн шешпейдi. Бұл туралы бүгiн «Қазақстанның отын қауымдастығы 1» заңды тұлғалар және кәсіпкерлер бірлестігінің баспасөз мәслихаты барысында мұнай және газ секторындағы сарапшы Сергей Смирнов мәлiм етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бензин тапшылығы Алматыға да жетті.

— АИ-92 бензинiнің жаңа шектi бөлшек сауда бағасын 128 теңге деп белгiлеу сұраныстың 40%-ын құрайтын ресейлiк бензин импортына қатысты мәселенi шешпейдi. Ақпан айындағы девальвацияға дейiн Ресейден безиндi көтерме бағамен сатып алу бiздiң шығындарымыздың орнын толтыратын, қазiр ресейлiк сұйық отынды алу көп шығынға ұшыратып отыр, — деп атап өтті С.Смирнов.

Оның айтуынша, АИ-92 маркалы бензиннiң Ресей мен Қазақстан шекарасындағы құны 125 теңгенi құрайды.

— Бұл сомаға тасымалдау, өнiмдi сақтау мен операциялық шығындарды қосқанда бензинннiң iс жүзiндегi құны 150 теңгеден асып жығылады. Осы ретте жанармай құю бекеттерi бензиндi қайдан алуы тиiс деген мәселе туындайды, — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары