29.08.2014, 12:15

«Астана-Атырау» жүрдек пойызында жол жүруге жеңілдіктер енгізілді

Сурет: news.gazeta.kz

2014 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» ЖШС вагондарынан жасақталған №19/20 «Астана-Атырау» жүрдек пойызында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Атап айтқанда: «Гранд» (СВ) санатты вагондарда - 25%; «Бизнес» (купе) санатты вагондарда - 15%.

Жеңілдіктер аптаның күндеріне тәуелді емес.

«№19/20 «Астана-Атырау» пойызының жолда жүру уақыты Астанадан Атырауға 22 сағат 57 минут, кейін қарай 22 сағат 15 минутты құрайды. Осы жүрдек маршруттың енгізілуі Астанадан Атырау станциясына дейінгі жолға кететін уақытты (1 839 шақырым) өзге пойыздарға қарағанда 10 сағатқа қысқартып отыр», делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.