$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан бәсеке рейтингісінде 50-орынды иеленді

2014 жылдың 3 қыркүйегінде Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2014-2015 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есепті жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Осы жылы рейтингті соңғы 6 жыл қатарынан тұрақты жайғасымға ие болып отырған Швейцария бастап отыр. Одан кейін Сингапур, АҚШ, Финляндия және Германия орналасқан.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) бағаланатын елдер саны 144 елді құрады (өткен жылы - 148). Осы жылы рейтингке қайтадан Тәжікстан оралды және Бенин, Босния және Герцеговина, Бруней, Эквадор, Либерия сияқты 5 ел кірмеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспсөз-қызметі мәлімдегендей, рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан өткен жылғы нәтижелерді тұрақты ұстанып 4,4 орташа балмен қайтадан 50-орынға ие болды.

Қазақстан даму деңгейі әлдеқайда жоғары елдер тобында орналасқан, мұнда тиімділік және экономикалық даму факторлары үлкен рөлге ие болып отыр.

2014-2015 ЖБИ-да Қазақстан 2-кезеңнен (тиімді даму кезеңі) 3-кезеңге (инновациялық даму кезеңі) ауысу кезеңінде орналасқан.

ДЭФ сарапшыларының бағалауынша Қазақстанның бәсекелес артықшылықтары еңбек нарығының тиімділігі (15, 2013 - 15) және макроэкономикалық орта (27-орын, 2013 - 23) болып табылады.

Қазақстанның ең әлсіз жайғасымдары денсаулық сақтау және бастауыш білім (96, 2013 - 97), қаржы нарығын дамыту (98, 2013 - 103), компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі (91, 2013 - 94) және инновациялар (85, 2013 - 84) сияқты факторлар бойынша байқатады.

Қалған алты фактор бойынша, ДЭФ бағалауына сәйкес, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі орташа деңгейде: институттар 57-орын (2013 - 55), инфрақұрылым - 62 (2013 - 62), жоғары білім және кәсіби даярлық - 62 (2013 - 54), тауарлар нарығының тиімділігі - 54 (2013 - 56), технологиялық даярлық- 61 (2013 - 57) және нарық мөлшері - 52 (2013 - 54).

Ең күрт өсукелесі көрсеткіштер бойынша байқалған: бәсекелес артықшылық табиғаты (2013 жылы 118-орынға қарсы 84-орын), венчурлық капиталға қолжетімділік (72-орынға қарсы 47-орын), мемлекеттік қызметкерлер шешімдеріндегі фаворитизм(77-орынға қарсы 53-орын), бизнесті ашу үшін қажетті күндер саны (82-орынға қарсы 62-орын), кредитті алу жеңілдігі (61-орынға қарсы 43-орын), нәрестелер өлімі (98-орынға қарсы 81-орын), инвестициялау үшін салық салу тиімділігі (54-орынға қарсы 37-орын), айлақ инфрақұрылымының сапасы (135-орынға қарсы 123-орын).

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің ересек халық арасында АИТВ таралуы (1-орын), ұялы байланыс абоненттерінің саны (4-орын), мемлекеттік артықшылық/тапшылық (9-орын), мемлекеттік борыш (11-орын), еңбекақы төлеу және өнімділік (16-орын), инвесторлар құқықтарын қорғау (22-орын) сияқты көрсеткіштер жоғары бағаланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары