$ 498.34  519.72  4.85

Калачидегі «ұйқының» мәнісін анықтау үшін арнайы топ құрылды

Ақмола облысының Калачи кенті тұрғындары арасында қайтадан тіркелген дерт себептерін анықтау мақсатында ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жұмыс тобының құрамына ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыс әкімдігінің, сондай-ақ бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері кірді. 

Айта кетейік, мұның алдында 2 қыркүйек күні ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Ақмола облысы әкімдігінің өкілдерінен құралған топ жағдаймен танысып, бағалау үшін Калачи кентіне барып қайтқан еді. Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары радиациялық жағдайды қарап, ауа, су, тамақ және топырақ құрамын тексеруге алды.        

Ал, кеше, 3 қыркүйекте ведомствоаралық жұмыс тобының жиыны болып өтті. Бүгін жұмыс тобының мүшелері кешенді зертханалық-клиникалық зерттеулер жүргізу үшін Калачи кентіне аттанады.  

Зерттеу нәтижелері ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс қорытындылары бойынша жарияланатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары