08.09.2014, 03:01

«Хан Шатыр аруы» 10 мың долларға ие болды (ФОТО)

Сурет: bnews.kz

Кеше «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында арулар байқауы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Байқау барысында қатысушылар көрермендер мен әділ қазылар алқасына қазақтың ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, қазақстандық дизайнерлердің кешкі көйлектерімен сахнада жүріп өтті. Сондай-ақ, арулар байқауға дайындық барысы мен өздері жайлы баяндайтын бейнеролік әзірлеп әкелген екен. 

Байқаудың бас жүлдесі – «Хан Шатыр аруы – 2014» атағы мен 10 мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйлық Сымбат Көрентай есімді сұлуға бұйырды.  Сонымен қатар І вице-мисс атағын Екатерина Седова (5 мың доллар) және ІІ вице-мисс атағын Маргарита Бекметьева (3 мың доллар) жеңіп алды.  Одан бөлек, Нұргүл Сатыбаева «Avon» аруы атағын алып, Алина Анисимоваға бикини аруы атағы бұйырды, мисс фотомодель – Александра Лаврова, мисс «Rixos» – Ким Яна. Бағдарлама барысында елордалық цирк гимнастшылары мен еліміздің талантты бишілері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне ие болды.