22.09.2014, 08:26

Орал әуежайының ұшу-қону жолағы қайта салынады

Сурет: ru.gde-fon.com

ҚР Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының қайта салыну барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі жылдың өзінде-ақ Оралдағы жасанды ұшу-қону жолағының (ҰҚЖ) жағдайы қауіпсіздік талаптарының нормаларына сәйкес келеді және әуежайға қазіргі заманғы әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Оралдағы әуежайдың ҰҚЖ-ның салмақ көтеру қабілетінің әлсіздігінен бұдан бұрын ауыр салмақты ұшақтарды қабылдай алмауы салдарынан рейстер санын азайтуға мәжбүр болғандығы белгілі. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталатын әуежайдың ҰҚЖ-н қайта салу көлемі артығырақ қазіргі заманғы әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік ашады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кейінгі 10 жылда Қазақстанда 13 ҰҚЖ қайта салынғандығын естеріңізге саламыз. Қалған 5 әуежайдың ҰҚЖ-н қайта салу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланған.

Тегтер: әуежай Орал ұшу