$ 449.58  486.94  4.86

Ақтаулықтарды таңқалдырған моллюскалар

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тұңғыш рет 500 жылдық ғұмыры бар моллюскалар көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Көрмеге 500 жыл бұрын өмір сүре бастаған полеозой дәуіріндегі теңіз жәндіктері қойылған.

Мұражай қызметкері Валерия Голубованың айтуынша, мұнда моллюскалардың екі тобы таныстырылып отыр. Олар: аммониттер (қазіргі наутилус) мен белемниттер (қазіргі сегізаяқ пен кальмарлардың арғы тегі). 

— Осыдан 60 млн. жыл бұрын басталған кайназой дәуірінен бастап, Маңғыстау жері теңіз табаны болған. Сондықтан, экспонаттар ішінде көне теңіз мекендеушілері бар. Бұлардың кейбірі тұңғыш рет көрсетіліп отыр», — дейді В.Голубова. 

Сүтқоректі және омыртқалы теңіз жануарларының ішінде мұнда шаяндар мен акулалардың тісі, ихтиозавр мен тасбақалардың сүйектері қойылған. Мұражай қорында барлығы 54 мыңнан аса экспонат бар.  

Анықтама: моллюскалар (Mollusca, латын molluscus – жұмсақ), жұмсақ денелілер – омыртқасыз жануарлардың бір типі. Қазба қалдықтары кембрийге дейінгі тау жыныстарынан табылған. Моллюскалар мұхитта, теңізде, құрлықта, аздаған түрі тұщы суда таралған. Бұлардың 2 тип тармағына: бүйіржүйкелілер және бақалшақтыларға жататын 130 мыңнан астам түрі жатады. Қазақстанда 36 тұқымдасы, 69 туысы және 300-ге жуық түрі кездеседі. Денесі сегменттерге бөлінбеген (тек кейбір төм. сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгісі байқалады), бас, тұлға және аяқ бөлімдеріне бөлінеді. Басында аузы, көпшілік түрінде қармалағыштары, көзінің бір бөлігі болады (кейде көздері жартылай немесе толықтай редукцияға ұшыраған). Қосжақтаулы Моллюскалардің тіршілік ету ерекшелігіне байланысты бас бөлімі жойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары