$ 448.89  477.93  4.76

Алматы – еліміздің ең лас қаласы

Еліміздегі ауасы ең таза қала - Орал, ал Алматы ең лас қала атанып отыр. Мұндай тұжырымды «Уральская неделя» басылымы «Қазгидрометтің» 2013 жылғы мәліметіне сүйене отырып жасаған.

 «Қазгидрометтің» мәліметінше, Оралда ауаның ластану индексі нөлге тең, ал Алматы қаласында - 11,5 пункт. Басылым жариялаған мәлімет бойынша, Екібастұз (1,8), Қостанай (2.0), Павлодар (2,4), Астана және Балқаш (2,9) қалаларында ауа қатты ластанбаған.

Ауаның ластануы индексі бойынша әсіресе Алматы шаһарымен қатар, Шымкент (8,6), Өскемен (7,6), Тараз (7,4), Қарағанды (7,0), Теміртау (6,9) және Жезқазған (6,5) қалалары қатты ластанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары