$ 498.34  519.72  4.85

Нанның бағасы 300 теңгеге жетуі мүмкін

 Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров билік өкілдерінің нан бағасын ұстап тұру туралы мәлімдемесіне өз пікірін осылайша білдірді, деп хабарлайды SkifNews.kz.

 Депутаттың ойынша, бұл шара қазақстандықтардың нанға деген құрметін арттырады.

 Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков 2015 жылдың қыркүйегіне дейін бірінші сұрыпты бидай мен нан бағасы қымбаттамайтынын айтқан болатын.

«Бұл мәселеге саяси тұрғыдан қарайық. Қазақстанда нан бағасын ұстап тұруға билік бар күшін салатыны анық. Мемлекеттік тұрақтандыру қорындағы қаражат оны өзгеріссіз ұстап тұруға толық қауқарлы», – деген болатын А.Мамытбеков.

 Ал депутат Қоңыровтың айтуынша, бұл мәселеге тереңірек үңіліп қарау керек. Елдегі нан бағасы тым арзан көрінеді. Қоқыс жәшіктеріндегі қаптың түбінде шіріп жатқан мұның айқын дәлелі бола алады екен.

 «Менің ойымша, Қазақстанда әлеуметтік жағдайы сын көтермейтін тұрғындарға ғана нан арзан сатылуы тиіс. Қалған азаматтар бұл өнімді 300 теңгеден сатып алуы тиіс. Себебі, нан арзан сатылса, халық бұл өнімге атүсті қарап, нан қалдығын қоқысқа тастауды доғармайды. Біз тек осылайша нанды қадірлейтін боламыз», – дейді Айқын Қоңыров.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары