$ 448.89  477.93  4.76

Маңғыстауда шаруа қожалықтарының проблемалары басты назарда

Маңғыстау облысында шаруашылық қожалықтарының даму қарқыны кенже қалғандығы жөнінде біраз пікірталастар туғызған болатын. Мамандардың пікірінше, ауыл тұрғындары арасынан өз ісін бастағысы келетіндер аз емес, алайда олардың жолында кездесетін бөгет көп, әсіресе – несие алу, егін егу дайындығы, шалғай ауылдарға су жеткізу секілді түйткілді мәселелер шаш етектен.

Мәселен, кәсіпкер Тарғын Жаппар өткен жылы үш миллион теңге көлемінде несие алыпты, алты сиыр сатып алған ол, туған ауылында мал шаруашылығымен айналысқы келген. Өкініштісі сол, кезіккен қиындықтарға төтеп бере алмай әлек.

«Шарт бойынша мен алған сомамды үш ай мерзім ішінде игеру қажет болдым, мен сүрінген жоқпын: алған қаражатымды қажетті құрылыс материалдарына жұмсадым, қора тұрғыздым, сиыр, жем-шөп сатып алдым. Ал алған несиемді қайтару үшін алдымен өзім табыс түсіруім қажет, уақыт болса зымырап өтіп барады, шаруашылықты дамыту үшін мүмкіндік берілсе деймін. Қазір маған уақыт керек, сонда ғана мен алған қарызымды тез арада қайтаруға тырысар едім», — дейді ол.   

Әр шаруашылықта түрлі проблема бар екендігі белгілі болды. Әсіресе жер өңдеу, судың тапшылығы, жылыжайдың жоқтығы және т.б. Негізінен тәжірибеге сүйенсек, шаруа қожалығын жүргізу тиімді, алайда алғашқыда көп қаражатты талап етеді. Ал шетелден құрал-сайман жеткізу қиындық туғызбайды, тек бұл да қаржыға тіреліп отыр.

«Барлық көтерілген сұрақтар өте маңызды. Ауыл шаруашылығында бастапқыда үш өткір мәселе бар, олар – жем бағасының қымбаттығы, кәсіпті дамытудағы кедергілер және табыс көзінің төмендігі. Бұл ретте басшылыққа өзіміздің ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз», — деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры.

Жаңбырбай Доспаевтың пікірінше, ауылшаруашылығы қарқынды дамыған өзге мемлекеттердің тәжірибесіне сүйену қажет.

«Соның бірі ретінде несие мерзімін 20-25 жылға дейін көтеру және жазғы демалыс уақытында жеңілдік жасау тәжірибесін енгізу керек. Осы және өзге де ұсыныстар қолдау тапса, Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығының  даму динамикасына куә болар күн алыс емес», - дейді ол.

Осы орайда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын айтады.

Қазір филиалда шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған көптеген бағдарламалар жұмыс істейді. Соның бірі - «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы, деп жазады «Маңғыстау» газеті.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Мұрат Баймағамбетовтің айтуынша, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы 2013 жылдан бастап Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шағын несие бойынша уәкілетті өңірлік ұйым болып бекітіліп, бағдарламаға қатысушыларға жылдық 6 пайыз сыйақымен шағын несие беріп келеді. «Бағдарламалардың ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы ерекше екенін айта кетелік. Бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтар, табысы аз азаматтар, өз бетінше жұмыспен айналысушылар ауылдарда кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары тізіміне сәйкес кәсіпкерлікпен айналысуға немесе кәсібін кеңейтуге шағын несие алуларына мүмкіндік бар. Және несие алушының өтінішіне сәйкес несие қайтару мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдік алуына болады, — дейді ол.   

Биыл аталған бағдарлама бойынша 200 млн.теңге қаралып, 70 жоба қаржыландырылды. Қаражаттың 70 пайызы ауыл шаруашылығын дамытуға берілді.

Сонымен қатар филиал басқа да бағдарламалар арқылы шағын несиелер беруде. Олар - «Шағын жылыжайларды дамыту», «Кәсіпкер», «Мурабаха», «Моноқалаларды дамыту», «Эко-Даму» бағдарламалары. Бүгінгі күнге 123 адамға барлығы 350 млн. теңге шамасында несие берілді.

Үстіміздегі жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы облысымыздағы «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының несиелеу бағыты бойынша өңірлік уәкілетті ұйым болып бекітіліп, өз жұмыстарын жүргізуде. Облыстағы моноқала қатарына Жаңаөзен қаласы енгізілген болатын. Яғни, несие Жаңаөзен қаласы мен оның әкімшілік аумағына кіретін ауылдардың тұрғындары мен кәсіпкерлеріне беріледі. Несие көлемі 3 млн. теңгеге дейін, олар жылдық 6 пайыз сыйақымен ұсынылады. Несие жұмыссыз азаматтарға, аз қамтылған отбасыларына және өз бетінше жұмыспен айналысушыларға беріледі.

Жақында қордың несие бағдарламаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес оларға қосымша «Эко-Даму» бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама бойынша «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» айналасындағы елді мекендерде ауыл, орман, балық және аң шаруашылықтарында баламалы экологиялық қауіпсіз қызметтерді дамытуға шағын несиелер берілетін болады. Несие жеке және заңды тұлғаларға, шаруа және фермерлік қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге беріледі. Ең төменгі сомасы - 100 АЕК, ал ең жоғары сомасы - 5400 АЕК. Жылдық сыйақы мөлшері - 4 пайыз. Несиелеу мерзімі - 54 айға дейін.

Бағдарламаға Маңғыстау облысынан Үстірт қорығының айналасындағы Сенек, Құланды, Төлеп, Аққұдық елді мекендері енгізілген.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы облысымыздағы тек қана ауыл шаруашылығын ғана емес, сонымен бірге ауылдағы басқа да бизнес түрлерін дамытуға өз үлесін қосып келеді. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары