$ 449.58  486.94  4.86

Маңғыстау облысында мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асуда

Мұнайлы өлкеде жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгені құрайтын 83 жоба мақұлданған, деп хабарлайды Skіfnews.kz.

Жыл басынан бері  «Бизнестің жол картасы-2020», «Шағын қалаларды 2012-2020 жылдар аралығында дамыту» және «Жаңаөзен қаласында 2012-2014 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың арнайы жоспары» мемлекеттік бағдарламаларының аясындағы жобаларды қарастыру бойынша үйлестіру кеңесі жүйелі жұмыстар жүргізуде. 

«Жобалардың жалпы санының жартысынан көбі «БЖК-2020» бағдарламасына қатысты – бұл жалпы сомасы 4 млрд 158,9 млн теңгені құрайтын 47 жоба. Облыстың бүгінде даму қарқынын түсіну үшін, бұл мәліметтерді өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстыру керек, онда 2013 жыл бойынша аталған бағдарламамен жалпы сомасы 3 млрд 172,3 млн теңгені құраған 41 жоба мақұлданды. «Моноқалаларды 2012-2020 жылдары аралығында дамыту» бағдарламасы бойынша 83 жобаның 22-cі мақұлданған. Жалпы сомасы 1 млрд 178,8 млн теңгені құрайды. Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша жалпы сомасы 452,7 млн теңге болған 9 жоба мақұлданды. Қалған 14 жоба (339,2 млн теңге) «Жаңаөзен қаласында 2012-2014 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың арнайы жоспарына» қатысты», – деп атап өтті Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының м.а. Венера Мұстапаева. 

Оның айтуынша, 2014 жылы үш бағдарлама бойынша жалпы сомасы 723,9 млн теңгеге 215 шағын несие берілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 пайызға көп.

Естеріңізіге сала кетейік, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген.Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

1-ші кезең – 2010-2014 жылдар аралығында. Яғни, 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес- бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж . міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады .

2-ші кезең  –  2015-2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

Бағдарламаның іске асырылуы:

1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден:

1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;

5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.

Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:

1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

2) Борышкерге өсімпұлын есептеместен бюджет алдындағы (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру;

3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

«Шағын қалаларды 2012-2020 жылдар аралығында дамыту» бағдаламасы төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:

а) Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру;

ә) Экономиканы әртарап­тандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту;

б) Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жо­ғарылату, жоғары әлеуметтік-эко­номикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономи­ка­лық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге ынталандыру;

в) Моноқалалардың әлеумет­тік және инженерлік инфра­құрылымын тұрғындардың са­нына қарай есептей отырып дамыту.

Жалпы алғанда, әлемдік тәжі­рибені және елдегі мәселелерді ескере отырып, бағдарлама шең­берінде моноқалаларды мемле­кеттік қолдау шараларын бы­лайша басымдық ету ұсынылады:

1-басымдық. Әлеуеті төмен моноқалалардың бірінші кезек­тегі өткір проблемаларын шешу;

2-басымдық. Әлеуеті орта мо­ноқалаларды дамыту үшін жағ­дай жасау;

3-басымдық. Әлеуеті жоғары моноқалаларды одан әрі тұрақты дамыту.  

«Жаңаөзен қаласында 2012-2014 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың арнайы жоспары» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арқылы Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту үшін 2,109 млн.теңге қаражат екінші деңгейлі 6 банк: «Халық Банкі» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Дельта Банкі» АҚ, «Еура­зия­лық банкі» АҚ, «Темір Банкі» АҚ-ға орналас­тырылып, қаржы­ландырылуда.

2012 жылы жалпы сомасы 927,4 млн.теңгені құрайтын 28 жоба, 2013 жылы 722,8 млн.теңгені құрайтын 27 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы жалғасып, өңірлік үйлестіру ке­ңесінің отырысында 6 кәсіп­керлік жоба 287,4 млн.теңгеге мақұлданып, субсидия жолымен қаржыландырылған.

Сондай-ақ, арнайы жоспар бағдар­ла­масы аясында 2012–2013 жыл­дары 485 адам жұмыспен қамты­лып, бұл көрсеткіш қаладағы жұ­мыссыздық деңгейі төмендеген.

Шағын бизнес қала эконо­микасының барлық салаларында орын алған. Кәсіпкерлердің негізгі қызмет түрі сауда, жалпы коммерциялық қызмет, өнер­кәсіп өнімдері, көлік және құрылыс болып табылады. Қаладағы шағын және орта бизнестің даму қарқынын өт­кен жылмен салыстырғанда оң көрсеткіш байқалуда, атап айтатын болсақ, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 7163 кәсіпкер тіркелсе, 2013 жылдың есепті кезеңінде 7665 кәсіпкер тіркеліп, шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің саны 2013 жылдың сәйкес кезе­ңімен салыстырғанда 107,0 %-ға өскен. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыспен қамтыл­ғандардың саны 2012 жылдың қорытындысы бойынша 15353 адам, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4%-ға өсіп, 15868 адамды құрады.

Халықтың экономикалық белсенді бөлігіндегі шағын және орта кәсіпкерлердің үлесі 2012 жылдың қорытындысы бойынша 30,2 пайызды көрсетіп, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайызға өскендігі байқалды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 17847,5 млн.теңге, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,6 пайызға өсіп, 19748,1 млн.теңгені құраған.

Шағын және орта кәсіпкерлікте бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер 2012 жыл­­­дың қорытындысы бойынша 6715,5 млн.теңге, 2013 жылмен салыстырғанда 6964,0 млн.теңге 103,7 пайызға өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары