$ 439.43  473.31  4.82

Еліміздің басым өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады

Қазақстанның басым аумағында қар жауады деп күтілуде, республиканың оңтүстік-шығысында түнде кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн ашық болады.

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Алматы, Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда, түнде боран соғып, желдің күші 18-23 м/с-ке дейін барады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады. 

Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары