$ 448.15  483.46  4.86

Темір жолдарды су шайып кетуіне байланысты жолаушылар пойыздары бағыттарын өзгертті

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жолаушылар пойызының бағдары өзгертілген. Атап айтқанда, 30 наурызда Павлодар жол бөлімшесінің Дегелең-Май қума жолында тасқын су теміржолға залал келтіріпті.

Соған байланысты №31 «Алматы-1-Павлодар», №376 «Астана-Лениногор», №67 «Защита-Астана», №68 «Астана-Защита» жолаушылар пойыздарының бағдары өзгеріп РФ аумағындағы «РТЖ» ААҚ-на қарасты Құлынды және Локоть станцияларымен жүре бастады. Пойыздардың жолдағы мерзімі орташа алғанда 16 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін.

Тасқын су салдарын жоюға арнайы штаб құрылды. Оқыс оқиға орнында 120 теміржолшы мен 63 арнайы техника жұмыс істеуде. Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға салдарын қысқа мерзімде, жедел жою қарастырылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары