$ 443.85  474.3  4.8

KazSat-2 жер серігімен байланыс үзілді

Бүгін Астана уақытымен таңертеңгі сағат 08:00-де қазақстандық KazSat-2 жер серігімен байланыс үзілді деп хабарлайды Informburo.kz.

Осыған байланысты KazSat-2-нің міндеті KazSat-3 жер серігіне жүктелген. Байланыстағы ақаудың салдары айтарлықтай залалын келтіріп отқан жоқ деп жазады ақпараттық портал тілшілері. Дегенмен, кейбір аймақтық телеарналар жұмысын тоқтатса, бірқатар республикалық телеарналарда проблемалар пайда болған.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Қоғамдық кеңес төрағасы Айдын Айымбетов орын алған жайтқа байланысты түсініктеме беруден бас тартты. Ал, министрліктің өзі болса журналистерден сауалды жазбаша түрде ресми хат етіп жолдауды талап еткен.

Айта кетейік, Қазақстанда жасалған KazSat-2 жер серігі 2011 жылдың 16 шілдесінде ұшырылған болатын. Оның негізгі міндеті сандық телерадиотаралыммен айналысатын компанияларды байланыспен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жоғары жылдамдықты интернетке де осы спутник жауапты.

Естеріңізге салайық, Қазақстанның ең алғаш ұшырған KazSat-1 жер серігі ғарышқа шыққаннан кейін жоғалып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары