$ 447.4  477.55  4.76

Өзбекстанда коммуналды қызметке қарызын төлей алмаған тұрғын өзін өртеп жіберді

30 наурызда таңертең Өзбекстанның Наманган облысындағы Турақорған ауданының 47 жастағы тұрғыны үстіне жанармай құйып, өзін-өзі өртеді. Денесінің бәрі күйіп қалған ер кісі кешке қарай жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Марқұмның көршілерінің айтуынша, бірнеше күн бұрын ол газ кәсіпорыны қызметкерлерімен жанжалдасып қалған екен.

Қарызданып қалған ер кісі өз үйінің ауласындағы қорада өзін өртеген. "Күйеуінің айқайын естіген әйелі оның қорада жанып жатқанын көрген. Өртті сөндіруге талпынған әйел де күйіп қалды. Барлығымыз жабылып жүріп, өртті әрең сөндірдік", - деді марқұмның көршісі.

Марқұмның артында бес баласы қалды. Онымен бірге әйелі де ауруханаға түсті. "Әйелдің қолы, иығы күйген. Бірақ өміріне қауіп жоқ. Біз оған медициналық көмек көрсетіп жатырмыз", - деді аудандық орталық аурухана дәрігері.

Кісі өліміне байланысты "Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жергілікті шенеуніктердің бірі ер азаматтың өзін-өзі өртеуіне газ кәсіпорынымен арадағы жанжал себеп болуы мүмкін. Оған 2 млн сом (шамамен 260 доллар) көлемінде берешек жазған.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары