$ 498.34  519.72  4.85

70 жыл бірге өмір сүрген британдық зейнеткерлер бір мезетте қайтыс болды

Ұлыбританияда 70 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты зейнеткерлер бір мезетте қайтыс болды. The Telegraph басылымының хабарлауынша, алдымен 93 жастағы ер азамат көз жұмса, араға 4 минут салып оның 91 жастағы әйелі дүниеден өткен. Дегенмен, қайтыс болар сәтте екеуі екі жақта болған екен.

Уилф Рассел Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Ол соңғы жылдары ақыл кемістігіне байланысты Лестершир графтығындағы қарттар үйінде тұрып келген. Ал, оның әйелі Вера Рассел биыл қаңтардан бері ауруханада төсек тартып жатыпты.

Зейнеткерлердің туыстары айтқандай, қарияның ауруы соңғы бір жылда асқынып, ол адам танымайтын дәрежеге жеткен. Күйеуінің кеселі жанына қатты батса керек, сап-сау жүрген әжей де уайымнан төсекке таңылыпты.

29 наурыз күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 06:50-де Уилф Рассел қайтыс болған. Араға тура 4 минут салып 5 шақырым қашықтықтағы ауруханада жатқан Вера Лестер де көз жұмды. Ол өзінің күйеуінің қайтыс болғанын естіп үлгермепті.

Айта кетейік, Уилф пен Вера 1945 жылы 5 қыркүйекте соғыс біте салысымен үйленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары