$ 512.32  582.92  6.29

Елорданың ресми түрде ауыстырылғанына 17 жыл

10 желтоқсан барша қазақстандықтар үшін маңызды күн,  деп хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

17 жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстанның ресми астанасы атанды.

«Бұл жас қаланың тарихындағы атаулы күн. 1998 жылғы 6 мамырда қалаға Астана атауы берілді. Астана – егеменді Қазақстанның нышаны. Осы атаулы күн аясында 9 желтоқсанда «Арманға жетеле, Астана!» атты мерекелік концерт өтті. Бейбітшілік пен Келісім сарайында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері, «Астана Балет», «Аялаған Астана» балалар ән байқауының лауреаттары және қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Көрермендер тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының қалыптасуы тарихындағы маңызды сәттерді еске түсірді», – делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары