$ 448.15  483.46  4.86

Өтембаевтың өтініші қанағаттандырылмады

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы алғашқы инстанцияның Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевты колониядан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шағымды қанағаттандырмады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, шағымды 12 адамнан тұратын топ, соның ішінде, марқұм саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы Рысбек те түсірді. Өткен аптада болған соңғы отырыста Ержан Өтембаевтың ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілгені анықталған еді. Сол кезде дәрігерлердің оған «жүрек талмасы» деген диагнозын қойғаны хабарланды. 

Бүгін жәбірленуші тарап Өтембаевтың денсаулық жағдайымен танысу үшін медициналық анықтамаларды көрсетуді талап етті. Отырыста Өтембаевтың әлі де ауруханада жатқаны белгілі болды, оған «жүректің ишемиялық ауруы» диагнозы қойылған.

Осы жылдың 7 қарашасы күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. Сот шешіміне Өтембаевтың өз жазасының үштен екісін өтеуі, оның мінездемесінің оң болуы, колония режимін бұзбағаны және түзеу мекемесі әкімшілігі тарапынан 16 рет ынталандыруға ие болуы ықпал еткен.

8 жыл 8 ай жаза өтеген 59 жастағы Ержан Өтембаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы жылдың ақпан айында оның жазасын 20 жылдан 13 жылға қысқартқаннан кейін өтініш беруге мүмкіндік алған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары