$ 444.22  476.38  4.82

Астанада Шарль де Голь ескерткіші ашылды

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен француз генералы, Бесінші Республиканың негізін қалаушы және бірінші Президенті Шарль де Голльге арналған ескерткішті салтанатты түрде ашты деп, хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның астанасында белгілі француз қайраткеріне ескерткіштің ашылуы – екі елдің арасындағы берік әріптестік қатынастардың символы.

Шарль де Голльдің қазіргі Францияның қалыптасуындағы тарихи маңыздылығын ескере келе, Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның басты саяси, экономикалық және гуманитарлық әріптесі ретінде Францияның ерекше ролін атап өтті. Астана әкімінің пікірінше, жуырда өткен Франция Президенті Франсуа Олландтың Астанаға сапары екі елдің арасында жолға қойылған саяси диалогтың куәсі болып табылады және екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді. 

Аты аңызға айналған француз қайраткеріне арналған ескерткішті жасаған мүсінші - Валерий Пирожков, ал қола мүсіннің биіктігі 3,1 метр.

2008 жылы қаланың ең жайлы және перспективті аудандарының бірінде Шарль де Голль атындағы көшенің ашылуы Астана мен Париж арасындағы тығыз байланыстың дәлелі болып табылады. Оның айналасында орналасқан «Француз кварталы» және «Париж кварталы» тұрғын үй кешендері Астананың жүрегіндегі Францияның бір бөлігі іспетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары