$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда көптеген тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

Алматы полициясы арзан ниесе алып беремін деп адамдарды сазға отырғызып кеткен алаяқ келіншек ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Әйел өзінің құрбандарын банк бөлімшелерінің алдынан торуылдаған. Олардың іші-бауырына кіріп, төмендетілген пайыздық көрсеткішпен несие алып берем деп алдаған. Ол үшін қомақты ақы алып, кейіннен тайып тұрған», –дейді қалалық ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев.

Қазір күдікті ұсталды. Алайда, өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Тергеу кезінде бір әйелдің нұсқауымен әрекет еткенін айтып, ақталғысы келеді.

«Әзірге, осы әйелдің арбауына түскен 4 адам полицияға шағымданды. Алайда, жапа шеккендердің қатары көбірек болуы мүмкін. Қазір құзырлы органдар күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары