$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан бір адам қаза тапты

Ақтөбе облысында болған ірі жол апатынан бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды, деп хабарлайды Skifnews.kz  облыстық  ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен жексенбі күні Самара-Шымкент жолының 788-ші шақырымында екі жолаушылар автобусы мен «Тойота Авенсис» жеңіл автокөлігінің қатысумен жол апаты орын алды. Көліктер Ақжар ауылының маңында жоғары өрлейтін тұста көктайғақ жерде соқтығысқан», – делінген хабаралмада.

Хромтаулық тәртіп сақшыларының хабарлауынша, «Ақтөбе-Хромтау» бағыты бойынша жолға шыққан рейстік автобустың жүргізушісі тиісті ара қашықтықты сақтамаған және ол алдында келе жатқан КамАЗ-бен қақтығысты болдырмау үшін жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Тойота Авенсис» автокөлігін, сонымен бірге оның соңынан келе жатқан SETRA маркалы автобусын соққан. Көліктердің үшеуі де жолдың жиегіне шығып кеткен.

Соның салдарынан тоғыз адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды. Бас сүйегі ауыр зақымданған «Тойото» жүргізушісі жедел жәрдемнің облыстық ауруханасында жан тапсырды. Мұнда тағы екі адам түсті, 13 жастағы қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, бес адам Хромтау орталық ауруханасында жатыр. 

Жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары