$ 449.58  486.94  4.86

Павлодар облысында тілсіз жау ер адамның өмірін қиды

Бүгін түнде Екібастұз қаласында өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz облыстық ТЖД-не сітлеме жасап.

Өрт «Олсек Альянс» ЖШС-нің тұрмыстық вагонынан шыққан. Қызыл жалын 12 шаршы метрді шарпыды. Вагонның ағаш қаптамасы түгелдей жанып кеткен. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер ер адамның мәйітін тапты. Ол осы серіктестіктің күзетшісі болып шықты.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтауда. Тілсіз жаумен күреске бір өрт сөндіру техникасы және жеке құрамнан 7 өрт сөндіруші жұмылдырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары