$ 444.22  476.38  4.82

Ұлттық Банк доллардың қазіргі бағамын 10 ақпанға дейін ғана ұстап тұра алады

ҚР Ұлттық банкі теңгеге шаққандағы АҚШ доллары мен еуро сатылым бағамының бекітілген ауытқу деңгейі қашанға дейін жарамды екенін жария етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Осы жылдың 11 ақпанында Ұлттық банк бекіткен теңге бағамының +3/-15 ауытқу дәлізі 2015 жылдың 10 ақпанына дейін ғана жарамды.

Ұлттық банк теңге бағамының ауытқу дәлізінің әрекет ету мерзімін шектейтін Басқарма қаулысын жариялады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының «Айырбастау пунктері арқылы жүзеге асатын АҚШ доллары мен еуроны теңгеге сату бағамының ауытқу шегін белгілеу туралы» 2014 жылғы 11 ақпандағы №18 қаулысына келесідей өзгертуер енгізілсін;

2-тармағы келесі редакцияда баяндалсын: 

«2. Айырбастау пунктері арқылы жүзеге асатын АҚШ доллары мен еуроны теңгеге сату бағамының ауытқу шегі 2014 жылдың 11 ақпаны мен 2015 жылдың 10 ақпаны аралығына белгіленеді».

2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (М.Т.Үмбеталиев) осы қаулының құзырлы банктер мен құзырлы органдардың назарына жетуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын қадағалау міндеті Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Д.Т.Ғалиевке жүктелсін», – деп көрсетілген құжатта.

2015 жылы шетелдік валюталардың теңгеге шаққандағы бағамын реттеу үшін Ұлттық банк жаңа шара қолданатын болады деп болжануда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары