$ 448.89  477.93  4.76

Мәжіліс жыл қорытындысын шығарды

ҚР парламентi Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысы барысында төменгi палатаның төрағасы Қабиболла Жақыпов биылғы сессияның атқарған жұмыс қорытындылады, деп хабарлайды BNews.kz.

«2014 жыл да аяқталып келедi. Қазақстан үшiн биылғы жыл жақсы әрі жемiсті болды. Күрделi халықаралық жағдайға қарамастан, елiмiз тыныш, бауырымыз бүтiн, экономикамыз тұрақты. Бұл Елбасының дана және көреген саясатының, халқымыздың бiрлiгi мен ынтымақтастығының, халықаралық қауымдастықтың бiзге деген сенiмiнiң нәтижесi», – дедi Қ.Жақыпов. 

Оның айтуынша, сессия басталғалы Мәжiлiс қарауында 104 заң жобасы түсіп, оның 38-i қаралып. Сенатқа жiберiлген . Бұлардың iшiнде 27 заң жобасына қол қойылыпты. Бүгiнгi отырыста тағы да 7 заң жобасы Сенат қарауына жiберiлді. 

«Сессия басталғалы бiз 22 халықаралық келiсiмдi ратификацияладық. Бүгiнгi күнi Мәжiлiсте 66 заң жобасы қаралуда. Олар экономика мен әлеуметтiк саланың маңызды бөлiктерiн қамтиды», – деп толықтырды өз ойын төменгi палата спикерi. 

Депутаттарға атқарылған жұмыс үшiн алғыс бiлдiрген ол «жыл сайын осылай жұмыс iстейтiн болсақ, марапаттауға болады сiздердi», – деп әзiлдеп те алды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары