$ 498.34  519.72  4.85

Көкшетауда екі жас жігіт тастанды ғимаратқа барып асылып қалған

Көкшетауда екі жігіт бірге асылып қалды. Суицид жасау үшін олар бұрынғы радиозауыттың ескі ғимаратын таңдаған. Біреуі тіл тартпай кетсе, екіншісі аман қалыпты деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

23 және 25 жастағы екі жігіт Бурабай ауданының тұрғындары екен. Көкшетауға қандай мақсатпен келгендері де әзірге белгісіз. Кешқұрым қаңырап тұрған зауыт ғимаратына келіп, суицид жасаған. Сол маңда өтіп бара жатқан тұрғын асылып тұрған екеуді көріп қалып, жанұшыра жедел жәрдем шақырған. Бірақ екі достың бірі сол жерде жан тапсырды. Екіншісін жедел жәрдем фельдшері өлім аузынан алып қалды. Қазір Павел Львов ауруханада жатыр. Бірақ осы жағдайдан кейін ол тіпті туысқандарымен тілдесуден де бас тартқан. Полиция қазір олардың бұл әрекетке не үшін барғанын тексеруде.

Макшарип Мартазанов, Ақмола облыстық ауруханасы неврология бөлімшесінің меңгерушісі:

- Ауруханаға әкелгенде жағдайы өте ауыр болды. Буынып қалған. Бірден жан сақтау бөлімшесіне жатқыздық. Барлық ем шаралар жасалды. Қазір беті бері қарап қалды. Таңертең неврология бөлімшесіне ауыстырдық. Халі орташа. Шошынып қалғаны болмаса, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары